Өскеменде ер адам дүкенде жанында тұрған бейтаныс оқушыны тұншықтырған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Оқиға туралы баланың анасы әлеуметтік желіде баяндады. Әйелдің сөзінше, ер адам ұлының тамағына жармасқан, бірақ дүкенге келушілердің айқайынан кейін оны жіберген. Егер сол маңда басқа адамдар болмағанда, қайғылы оқиға болуы мүмкін еді, дейді ол. Бұған қатысты полиция пікір білдіріп, шабуыл жасаған ер азаматтың 1968 жылғы екенін, психикалық аурумен ауыратынын анықтады.
"Аталған өтініш бойынша ер адам анықталып, психоневрологиялық диспансер бөлімшесіне орналастырылды", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.