$ 494.87  520.65  4.91

«Құбырдан газ шықты»: «Қашаған» кен орны жұмысын тоқтатты

Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін.

Қашаған кен орнында газдың шығуына байланысты жұмыс тоқтатылған. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2 тамызда Қарабатан зауытында сезбектер слагкетчерге баратын 12 желіде (құбыр) газ шыққанын анықтады. Біреуінде құбыр жарылып кеткен", – делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің мәліметіне сәйкес, бұл жайт металдағы тот басудан болған. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін.

Қазір комиссия тексеріс жүргізіп, өзге желілерді де тексеріп жатыр. Мұнай шығару жұмыстары бір аптаға тоқтауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары