Жаңалықтар 06.08.2022 сағат 15:20

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Шахматтан әлемнің 15- чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды.
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15- чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деді спортшы.

Айта кетсек, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті.

Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар