Жаңалықтар 07.08.2022 сағат 06:56

Анасы бір ай келмеген: Астана балабақшасында бүлдіршін қаза болды

Балаға бір айдан астам келмей кеткен ана үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді.
Анасы бір ай келмеген: Астана балабақшасында бүлдіршін қаза болды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін жеке балабақшада бүлдіршін қаза болды. Балаға бір айдан астам келмей кеткен ана үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қалалық Білім басқармасының «К» есімді әйелге қатысты азаматтық істі қарады. Бұл тұрғыда басқарма оның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алуды талап етті», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы сотының мәліметінде.

Мәлім болғандай, аталған әйел кіші қызын үйде ашылған жекеменшік балабақшаға тәулік бойы тұруға берген. Ол балабақшаның рұқсат құжаттары болмаған. Әйел балабақшаға ақы төлемеген және қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Ал үлкен қызы әжесінің қарауында болған.

«2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған оның кіші қызы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Баланың денесінде көптеген дене жарақаттары болған. Сот шешімімен «К» үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» ММ-нің қарауына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды», - деп аталып өткен сот хабарламасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар