$ 449.58  486.94  4.86

Қытай Тайвань аралына 20 ұшақ жіберді

Өз кезегінде Тайбэй жағдайды бақылау үшін әуе патрулін жіберіп, зениттік-зымыран кешендерін іске қосқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытай әскери жаттығу аясында Тайваньға қарай 20 ұшақ пен 14 кеме жіберді. Бұл туралы аталған аралдың қорғаныс министрлігі өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Өз кезегінде Тайбэй жағдайды бақылау үшін әуе патрулін жіберіп, зениттік-зымыран кешендерін іске қосқан.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні Қытай армиясы Тайваньді қоршай ауқымды әскери оқу-жаттығу жиынын бастаған болатын. Жалпы аймақтағы ахуал АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін ушығып кеткен еді.

Айта кетейік, Тайвань айналасындағы әуе қатынасы 7 тамызға дейін жабық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары