$ 494.87  520.65  4.91

Аскер Пириев: «Жұтқан ауамыз, жеген нанымыз, ішкен суымыз қазақтікі»

Мен Қазақстанда туып өскен түрік этносының өкілімін. Бір ғана мысал айтайын, шет елге шыққан кезде паспортта қайдан екені жазылады ғой. Ал бүкіл әлем содан бәрімізді бір ұлт деп қабылдайды.

Қазақстанда туып-өскен кез-келген азамат, қай этностың өкілі болсын ел мәртебесін, мемлекет болашағын ойлауы тиіс. Түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев осындай пікірде, деп хабарлайды Экспресс К. 

Қазақстандағы "Ахыска" түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев елдегі бірқатар мәселеге "Сұрауы бар" бағдарламасында тоқталған. Сол қатарда татулық мәселесі де бар. Оның сөзінше, елдегі кез-келген этнос өкілі ел мәртебесі үшін жұмылуы керек. Өйткені шет елге шықса да, шет елден қонақ келсе де сен оларға қазақстандықсың, қазақсың дейді.

Мен Қазақстанда туып өскен түрік этносының өкілімін. Бірақ жұтқан ауамыз, жеген нанымыз, ішкен суымыз қазақтікі. Бір ғана мысал айтайын, шет елге шыққан кезде паспортта қайдан екені жазылады ғой. Ал бүкіл әлем содан бәрімізді бір ұлт деп қабылдайды, — дейді Пириев.

Сонымен қатар, араздастырып, отқа май құятындар арандатушылықты тек жүзеге асырушылар ғана дегенге де тоқталды.

"Олардың сүйенер тасы, қабырғасы болмаса әркім айта алмайды. Тәрбиеңіз рұқсат бермейді, дұрыс па. Бірақ арандатушылар қашанда болады. Болашақта бұдан да қызықтары болуы мүмкін. Десе де мұның 2 жақсы тұсы бар. Біріншісі — тіке бетке айтқаны. Оны бетке айтпай тыныш істесе, ол жаман. Екінші жақсы жағы ол ауызбіршілікті нығайтады", — дейді ол.

Десе де, кез-келген жағдайға еліміз дайын болуы керегін де алға тартты. Осы мақсатта — ауызбіршілік, татулық мықты болса — алынбас қамалға айналатынымыз сөзсіз деп қорытындылады сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары