$ 494.87  520.65  4.91

8 дүркін әлем чемпионын концерт кезінде атып кетті

Спортшы ауруханаға жеткізілген, бірақ, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

BJJ (бразилиялық джиу-джитсу) аңызы Леандро Лоны Сан-Паулудағы концерт кезінде атып кетті. Бұл туралы ММА журналисті Игорь Лазорин өзінің телеграм арнасында хабарлады.

Ло өзі отырған дастарханнан шөлмекті алған ер адаммен сөзге келіп қалған. Жанжалды ушықтырмай адамдар оларды арашалап алды, алайда, біраз уақыттан кейін ер адам қарумен оралып, Леандроның басынан атқан. Спортшы ауруханаға жеткізілген, бірақ, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 

Ло 33 жаста болатын, ол джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы.

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары