Облыстық мәслихат депутаттары Павлодардағы 17 көшенің жаңа атауын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде тағы 17 көшенің атауын өзгерту мәселесі бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралды. Бұл көшелердің атауын өзгерту мәселесі 2021 жылдың сәуір айынан бері қарастырылып келеді.
Өткен жылы көпшілік тыңдауға 30 көшенің атауы ұсынылып, 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болды. 2021 жылдың 23 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралған 23 көшенің 17-сіне оң қорытынды берілді.
Қабылданған шешім бойынша келесі көшелер жаңа атауға ие болды:
1. Мир көшесі – Олжабай батыр көшесі
2. Урицкий көшесі - Генерал Смағұлов көшесі
3. 1 Южная көшесі – Бірлік көшесі
4. 2 Южная көшесі - Қаукен Кенжетаев көшесі
5. Парковая көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесі
6. Донецкая көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесі
7. Кубанская көшесі - Қалмұқан Исабаев көшесі
8. Совхозная көшесі - Рафика Нұртазина көшесі
9. Таганрогская көшесі - Қазанғап би көшесі
10. Ангарская көшесі - Нағымбек Нұрмұхамедов көшесі
11. Читинская көшесі - Аманжол Шамкенов көшесі
12. Декабристов көшесі - Қамар Қасымов көшесі
13. Юннатов көшесі - Дихан Әбілов көшесі
14. 1 Советов, 2 Советов көшесі - Генерал Бәкіров көшесі
15. Зыряновская көшесі - Қабдыкәрім Ыдырысов көшесі
16. Саянская көшесі - Алма Әжібаева көшесі
17. Лесная көшесі - Ағайынды Дүйсенбиновтер көшесі