Жаңалықтар 10.08.2022 сағат 11:20

Өскемен дүкендерінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылуда

Бұл біреудің саяси көзқарасын білдіретін жай ғана әріптер емес, бұл – соғыстың және өзге бір елге басып кірудің белгісі. Осы үшін жауапкершілік қарастырылуы керек.
Өскемен дүкендерінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылуда
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемендегі дүкендердің бірінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылып жатыр, деп жазды белсенді Сырым Итқұлов өз Telegram каналында.

«Алматыда терезесінде осындай белгілері бар жүргізушілерді ұстап жатса, Өскемендегі дүкендердің бірінде мынадай киімдер сатылып жатқаны туралы фотолар келді. Айтарға сөзім жоқ.

Бұл біреудің саяси көзқарасын білдіретін жай ғана әріптер емес, бұл – соғыстың және өзге бір елге басып кірудің белгісі. Осы үшін жауапкершілік қарастырылуы керек.

Ресейдің өзінде бұл белгілерден бас тартып жатқаны үшін қамауға алып жатыр. Ал депутаттар баласы VPN қолданғаны үшін ата-аналарды түрмеге қамайтынын айтып қорқытады», - деп жазды белсенді.

Айта кетейік, Украинада соғысып жатқан Ресей қарулы күштері өздерінің символы ретінде «Z» және «V» белгілерін қарастырады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар