$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда әкімдік қызметкерлері жеңілдікпен берілетін қантты қымбатқа сатқан

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру кезінде 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.
фото: ҚазТАГ
фото: ҚазТАГ

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік пен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдікпен кезектен тыс және нормадан тыс кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.

Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру кезінде 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары