Абу Даби Плаза ғимаратынан Qazaqstan жазуы не үшін алынғаны белгілі болды.
«Абу-Даби Плаза» басқарушы компаниясының мәліметінше, мұнара Qazaqstan деп атала береді.
«Ғимарат атауын өзгертпейді. Біз «Абу-Даби плаза» және Qazaqstan атауын ғимаратта қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында алып жатырмыз. Тігінен жазылған жазу тамыз айының соңына дейін алынады», – деп хабарлады компаниядан.
Сонымен қатар олар ғимараттарға қызмет көрсету (жуу) кезінде эстетикалық көрінісін жоғалтпайтын атауларды қолданудың балама нұсқалары қарастырылатынын жеткізді.