Мәнерлеп сырғанаудан 2000 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Маргарита Дробязко Ресейдегі мұз шоуларында өнер көрсеткені үшін азаматтығынан айырылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәскеуде туып-өскен Маргарита литвалық Павелос Ванагасқа тұрмысқа шығып, Литва азаматтығын алған. Екеуі жұптасын өнер көрсетуден бес Олимпиадаға қатысып, 2000 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанады.
Дробязко мен Ванагас өмір бойы Мәскеуде тұрып келеді және коммерциялық шоуларда жиі өнер көрсетеді. Жақында ерлі-зайыптылар Олимпиада чемпионы Татьяна Навканың шоуында басты рөлдердің бірін сомдады. Бұл Литва билігіне ұнаған жоқ.
10 тамыз күні Литва президенті Гитанас Науседа Дробязко мен Ванагастың мемлкеттік марапатын қайтару туралы заңға қол қойды. Сондай-ақ, Литва билігі Маргарита Дробязконы азаматтығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.
Айта кетелік, Маргарита Дробязко 1993 жылдан бері Литва азаматы ретінде спорттық жарыстарда ел намысын қорғаған.