$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында әлдекімдер иттердің өлексесін қапқа салып, суға ағызып жіберген (видео)

Куәгерлер ит өлексесі салынған 15 қап табылғанын айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Талғарда тұрғындар жергілікті су қоймасынан иттердің өлекселері салынған қап тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлер ит өлексесі салынған 15 қап табылғанын айтады. Тұрғындардың сөзінше, арасында алабай тұқымды иттер де бар.

"Әкімдіктен адамдар келіп, қанша итті шығарды. Әлі де жатыр. Кінәлілерді тауып, жазалау керек", - дейді видеодағы әйел.

Өлекселелердің кесірінен аймақта жағымсыз иіс тараған. Қызметкерлерге арнайы киім мен медициналық маска да көмектеспеген көрінеді. 

Азаматтар иттердің өлекселерін әлдекімдердің суға үнемі тастайтынын алға тартады.

"Мұның барлығын айғақтарға сәйкес осы маңда иттерді төбелестіретін азамат жасайды. Олар иттердің өлекселерін суға тастау үшін, өзеннің үстінен көпір жасап алған”, – дейді тұрғындардың бірі. 

Қазіргі таңда Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның куәгерлері мен қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары