15.08.2022, 11:40

Елжана Тәниева Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды

Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық спортшы доппен жаттығуларда үздік атанып, құрсаумен және лентамен өнер көрсетуде екі қола медаль жеңіп алды.

Коньяда (Түркия) өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарында көркем гимнастика шеберлері бағдарламаның жекелеген түрлерінен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елжана Тәниева доппен жаттығуларда үздік атанып, құрсаумен және лентамен өнер көрсетуде екі қола медаль жеңіп алды.

Еске салайық, кеше Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінген болатын.