Орта салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің бокс жүлделерін заңсыз препараттарды қолданбай жеңіп алғанына күмәнданады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі боксшының трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Олар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тепе-тең түсіп, екінші жекпе-жекте Альварес жеңіске жетті.
"Мен кез келген спортшының жетістіктерін жоққа шығаратын адам емеспін, Канело да көп нәрсеге қол жеткізген. Бірақ ол мұны қалай жасағаны және ол үшін не қолданғаны туралы сұрақтар туады.
Мен бір нәрсе айтарда ойдан шығарғандықтан айтпаймын. Зертханадан алынған нәтижелер бар. Дәрігер суды зерттеу нәтижелері бар екенін айтты. Менен сұрағанда "Иә, ол қулыққа барды дегенге сенемін" деп жауап бердім. Егер олардың командасындағы біреуге менің сөзім ұнамаса, бұл олардың проблемасы", - деп келтіреді Fightnews.info Головкиннің сөзін.
Еске салайық, Канело Головкинмен екінші жекпе-жегі алдында допингпен ұсталған болатын. Оның допинг сынамасынан аз мөлшерде кленбутерол табылған. Осыдан кейін боксшы алты айға дисквалификацияланды.