$ 494.87  520.65  4.91

«Восход» костюм шалбарына 30 жыл болған»: Киітке берілген киімдер киіле ме? (ВИДЕО)

Осындайды қойса болмай ма екен? Осы киім қолымыздан 2-3 рет өткен шығар.

Әлеуметтік желіде киітте берілген киім қызу талқыға түсті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Ассаламағалейкум, жамағат! Бүгін 2022 жыл, 13-ші август. Мынау бұрынғы союздың 1993 жылдың костюм шалбары. Бұл қашанғы жүреді. Ары-бері жүріп 30 жыл өткен. Осындайды қойса болмай ма екен? Осы киім қолымыздан 2-3 рет өткен шығар", делінген видеода. 

Киіт кигізу – құдалар арасында той кезінде жасалатын кәде сыйдың бір түрі. Бұл – қазақ қалқында көнеден қалыптасқан және осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан жоралғы. «Құдалық белгісі киіт» - демекші отбасында қуаныш болып қызымыз ұзатылып, ұлымыз келін әкелсе: «құда-құдағиға не кигізіпті, не беріпті?» – деп бірінші кезекте киген киітін сұрайтын халықпыз. Құдаларға берілетін киітке негізінен киімдер: тон, бағалы бас киімдер, түлі сырт киімдер одан бөлек: кілем, бағалы бұйымдар беріледі. Онда да әрине, құдалардың лауазымына, деңгейіне мән беріледі. Бүгінгі күнде де киім, бұйымдарды киіт ретінде сыйға беру дәстүрімізде сақталған. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз жігіт жоқ» деген бар. Тіпті құдалық болмай, қалың мал берілмеген күннің өзінде құдаларға киіт кигізіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#костюм #киіт