$ 480.55  533.75  5.36

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті

1975 жылғы туған Сәния Қадырханқызы Садықова 12 тамыз күні шамамен сағат 19.00 шамасында жоғалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті деп хабарлады жергілікті altaynews.kz.

1975 жылғы туған Сәния Қадырханқызы Садықова 12 тамыз күні шамамен сағат 19.00 шамасында жоғалған.

Сәния үй әрлеу, еурожөндеу жұмыстарымен айналысқан. Жоғалған күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып, үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Үйінде жақындары мен 3 баласы күтіп отыр.

Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, ол дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.

Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу «102» желісіне хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары