17.08.2022, 14:20

Президент Армения халқына көңіл айтты

Фото: ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.