Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Облыстық полиция департаменті көлік құралдарын жүргізу үшін куәлік беріп, халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.