«Шаңырақ» оқиғасы бойынша сотталдардың соңғысы бостандыққа шықты, деп хабарлайды Қазақстан адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.
Оны бүгін таңертең Қостанай түрмесінен шығарған. Құрманғазы Өтегенов «Шаңырақ» оқиғасы кезінде полицейді өлтіріп, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айыппен сотталған.
2018 жылы мерзімінен бұрын Рүстем Тұяқов пен Ерғанат Тараншиев шықса, 2021 жылы Арон Атабек босатылды.
Құрманғазы Өтегенов 2006 жылы сотталып, 16 жыл жазасын өтеп шықты.