$ 450.79  482.21  5.05

«500-ден астам адам қатысты»: Астанада митинг өтті

Елорда билігі тұрғындарға митинг өткізуге рұқсат берген, алайда ол бір емес, үш тақырып бойынша ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтанда Menin elim dala қоғамдық бірлестігінің белсенділері «Астана – балаларға жайлы қала» деген атаумен рұқсат етілген митинг өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Соңғы кездері қиыншылықтарды жиі бастан кешіріп жатырмыз, балаларымызды балабақша мен мектепке орналастыра алмаймыз, емханада ұзын-сонар кезекте тұрамыз, балаларға спортпен айналысатын орындар жоқ. Зәулім спорт кешендері салынды, бірақ оған бере алмайсың”, – дейді митингті ұйымдастырушы Виолетта Мауль.

Митинг ұйымдастырушысының айтуынша, бітпейтін құрылыс нысандарынан қала күннен-күнге ластанып, жайсыз болып барады. Тұрғындарды «тас джунгли» қоршап алғандай.

Сондай-ақ, ұйым белсенділері бүгінде Қазақстандағы төрт пен 17 жас аралығындағы балалардың Artsport бағдарламасы 10 пайызын ғана қамтып отырғанын, сондықтан 90 пайыз балалардың ата-анасы үйірмелер мен секциялар үшін ақша төлеуге, кезекке тұрып, күтуге мәжбүр екенін атап өтті.

Рұқсат етілген митингке депутат Ирина Смирнова да қатысты.

“Қала адамдарға да, балаларға да ыңғайлы болу керек. Бірақ бұл қала ыңғайлы ма? Мектептер салынбай жатыр, орнына қаптаған үйлер салынуда. Балабақшалар жетіспейді, балаларға кезек 18 жасында келеді. Саябақтар мен тегін спорт кешендері жоқ, өйткені шенеуніктер мұндай мекемелердің орнына елді мекендер салуды бұйырады”, – дейді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Сонымен қатар, депутат жауын болғанына қарамастан, митинге 500-ден астам адам қатысқанын жазды әлеуметтік желіде.

Елорда билігі тұрғындарға митинг өткізуге рұқсат берген, алайда ол бір емес, үш тақырып бойынша ұйымдастырылды.

1."Астана – балалар үшін жайлы қала";

2."Кіші Талдыкөлді құтқарайық"

3. "Сот жүйесінің реформасы үшін" ұрандарымен.

Бастапқы екі ұранмен көшеге шыққан астаналықтар Кіші Талдыкөлді құрғатуды тоқтатып, балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетуді талап етіп отыр.

Ал сот жүйесін реформалауды қалайтындар елімізге әділ сот қажет екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары