Маңғыстаулық қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан болған оқиғаға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Экспресс К.
Қоғам белсіндісінің жазуы бойынша, қайғылы оқиға 19 тамызда болған.
— Жамбылда атыраулық сарбаз қайтыс болды деген хабар келді. 2004 жылы туған Мираш Бекбол Досболұлы әскерге көктемде кеткен. Ол Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы, — деп жазады Бибігүл Рамазан.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Баспасөз қызметінің өкілдері әзірге еш ақпарат жоқ екенін айтты.
Біз бұған дейін Атырау облысында қайтыс болған Нұрбек Ерғалиев туралы жазған едік. Ол әскери борышын өтеуге былтыр күзде аттанған. Ал енді бір айдан кейін үйіне оралуы тиіс болған.