$ 494.87  520.65  4.91

Ет бағасы өсе ме? Министр жауап берді

Ербол Қарашөкеев ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін айтты.

Ет бағасының қатты өсуіне негіз жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін айтты. Біріншісі – мал басы. Екіншісі – қаржыландыру мәселесі.

"Ет бағасына қатысты тоқталсам, қазір ет өндірісінің көлемі тұрақты, артып та келеді. Экспортқа да шығарылуда. Жағдай тұрақты. Мал басы да арта түсуде. Өңделген еттің шетелге экспорт көлемі де ұлғаюда. Сондықтан жағдай тұрақты. Егер қарасаңыздар, баға өсімі бар. Яғни, жанармайдан бастап мал шаруашылығының шығындары артып отыр. Қажетті дүниенің бәріне баға өсіп келеді. Осыған байланысты біршама қымбаттауы мүмкін", - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, мал шаруашылығының кірістілік деңгейі біркелкі сақталуы тиіс. Егер олар шығынға батса, онда еттің қажетті көлемі де соған сай баға да болмайды.

"Бағаны болжау қиын. Бағаға болжам жасаған кезде бірнеше факторды ескергеніміз жөн. Бірінші фактор –  мал басы. Бізде мал басы тұрақты артып келе жатыр. Екінші мәселе – қаржыларндыру. Еттің қымбат болуына, қатты қымбаттап кетуіне негіз жоқ", – деді Ербол Қарашөкеев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары