ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ.Мәсімовке, А.Т.Садықұловқа, Д.Е.Ерғожинге, М.С.Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М.Акиповке, Н.К.Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану); Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану); Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану); Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды. Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа ү.ж. 6 қазанына дейін, Ерғожинге ү.ж. 13 қазанына және Өсіповке ү.ж. 22 қазанына дейін ұзартылды.