$ 448.15  483.46  4.86

Жезқазған қаласының әкімі қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерді орнына қойды (ВИДЕО)

Қызметкер журналистке: «Пожалуйста, не устраиваете здесь балаган» деп жауап береді.

Желіде Жезқазған қаласының жаңа әкімі Қайрат Шайжанов Қарағанды облысының табиғи монополияларды реттеу комитетінің маманына этиканы сақтамағаны үшін ескерту жасады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода орыс тілінде сөйлеп отырған комитет маманы, қазақ тілінде сауал жолдаған журналистке мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартады.

Журналистің: «Мен сізге қазақша сұрақ қойып тұрмын, неге жауап бермейсіз?» деген сауалына ҚР ҰЭМ «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті» Бас маманы Садырбаев Сұлтан Тұрсынбекұлы: «Пожалуйста, не устраиваете здесь балаган» деп жауап береді.

Мұндай жауаптан кейін қала әкімі микрофонды алып, маманға этика сақтауын сұрап және мемлекеттік тілде жауап беру керек екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары