$ 446.49  475.38  4.79

Президент пен Үкіметбасының WhatsApp-та ортақ чаты бар ма?

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысымен күнделікті қалай араласатынын, тапсырмаларды қалай алатынын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Tengrinews.kz журналисіне берген сұхбаты барысында Мемлекет басшысымен күнделікті қалай араласатынын, тапсырмаларды қалай алатынын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Біз Мемлекет басшысымен күн сайын телефон арқылы да, мессенджер арқылы да сөйлесеміз. Жұмыс күні барысында, кешке және таңертең хабар алмасамыз. Мемлекет басшысы қандай да бір маңызды ақпараттық материалдар жібереді немесе тапсырмалар береді. Нон-стоп, 24/7 біз үнемі байланыста боламыз деп айта аламын, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Әлихан Смайылов Президент берген 200-ден астам тапсырманың 130-ы орындалғанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары