Екі жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол Қызылжар ауданы Бескөл аудан орталығында екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz
Кішкентай қыз бала жоғары сынып оқитын әпкесімен қалған. Бүлдіршін терезеден, москит торынан құлап кеткен. Қыздың жағдайы тұрақты, ауыр.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларды ересек адамның қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салып, терезелерге блокатор орнатуды ұсынады.