Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министр Әбілқайыр Тамабек қант өндірісін жандандыру үшін қандай шаралар қолға алынатыны туралы баяндама жасады.
Әбілқайыр Тамабек елімізде қант өндірісін табысты дамытудың әлеуеті бар, бірақ технологиялық жабдықтардың тозуы, қарыз жүктемесі мен айналым қаражатының жетіспеуі, көрші елдер қолданатын баға демпингі, отандық өндірістің қуаттылығын пайдалану төмен деңгейде екенін айтты.
– Егіс алқаптарын, шығымдылықты, қолда бар шикізаттың қажет көлемін және қант зауыттарын кеңейту жоспарын талдау негізінде 2026 жылға дейінгі көрсеткіштер анықталды. Бұл қант өндірісін арттыруға бағытталған. 250 мың тонна көлемінде қант өндіру бойынша ауыспалы егіс көлемін ескере отырып, қажет алқаптар, сонымен қатар егіс алқаптарын кеңейту үшін жоспарланған шараларды облыс әкімдіктерімен келістік, – деді Тамабек.
Қантқа бағаның ең төменгі деңгейін (МPL) енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігін жетілдіру, оның ішінде қант қызылшасын өңдеуге жеткізуді субсидиялау нормативтерін және тұқымдарды субсидиялау нормативтерін арттыруды ескере отырып, тұқымдар мен будандар бағасы бойынша пысықталады.
Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда, ресурстық базаны дамытуға жұмсалатын инвестиция көлемі – 495 млрд теңге. Жыл соңына дейін Қазақстанға ЕАЭО елдерінен 168 мың тонна қант жеткізіледі. Сонымен қатар елімізде өндірілетін қант қызылшасы есебінен 45 мың тонна қант алу жаспарланған.