$ 445.66  474.58  4.78

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде бұлтсыз және құрғақ ауа райы күтіледі.

Қазгидромет 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, бұлтсыз және құрғақ ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай анықтайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық болады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары