$ 443.85  474.3  4.8

«Кәлимамды білемін, мешітке барамын» - депутат Шиповских

Геннадий Шиповских мұсылман ретіндегі парызын біледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Геннадий Шиповских қазақтің тілін ғана емес, сондай-ақ дінін де толық меңгерген.  «...Сұрауы бар» Youtube арнасындағы «Qazaq bol» бағдарламасына берген сұхбатында мәжіліс депутаты сүре-аяттарды толық оқып, әрдайым әруақтарға құран бағыштап жүретінін айтты.

«5 уақыт намазға әлі бетімді бұрған жоқпын. Иә, мұсылман болғандықтан намаз оқу керек. Дегенмен әр нәрсенің өз уақыты болады.  Кәлимамды білемін. «Фатиха», «Ықылас» сүрелерін оқи аламын. Мешітке барып аруақтарға құран оқытамыз», -дейді Шиповских.

Орыс ұлтынан болса да, қазақ отбасында тәрбие алып шыққан Геннадий Шиповских діні бойынша мұсылман болғандықтан 5 парызды орындауды өзінің міндеті санайды. Әрі кезінде жетімдер үйінде болып шыққандықтан қазір қайырылымдылықпен де айналысуды әдетке айналдырыпты.  

«Тәуелсіздік құндылықтарының іргесін шайқайтындай жағдай болып жатса, қазақ үшін, қазақ жері үшін, еліміз үшін кәлимамды айтып жан беруге дайынмын. Өйткені туып өскен елім – Қазақстан. Мені өсірген де, көтерген де қазақ. Еліміздегі әрбір этнос өкілі осы нәрсені мәңгілікке есінде сақтағаны абзал», – дейді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары