$ 448.15  483.46  4.86

Ақтаудағы бір мектептің бірінші сыныбына сегіз егіз барған

Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.

Тағы оқыңыз: Жоғары сынып оқушысы алғашқы қоңырауды соққан қызды оңбай құлатып алды

«Біздің мектепте мұндай жағдай болған жоқ. Егіздердің көптігі мұғалімдерімізге оларды ажыратуға, бастапқыда тануға қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетеміз. Оқушылардың қадамына сәттілік тілеймін», - деді мектеп басшысы Жанат Анисова.

Ал мектепке алғаш қадам басқан егіздердің бірі – Мирас пен Диас Мурадовтар сол білім ордасының алғашқы қоңырауын соғып, достарын мерекемен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Білім күні күтпеген жерден жұлдыз болған балақайдың кім екені белгілі болды

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы №83 мектепте биыл 18 бірінші сынып ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Биыл Нұр-Сұлтанда бірінші сыныпқа барған балалардың саны тағы да рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары