$ 498.34  519.72  4.85

НВО комментаторы Головкин мен «Канело» трилогиясы не себепті қызық болатынын айтты

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

НВО арнасының белгілі бокс комментаторы Джим Лэмпли қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы трилогияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Лэмпли бұл айқасқа қызығушылығын танытты және не себепті жанкүйерлердің бұл трилогияны тамашалайтынын айтты.

"Канело" қазақстандық Головкинге қарсы айқаста бір рет тең түсіп, бір рет жеңіске жеткен еді. Алайда жанкүйерлердің көбі екі жекпе-жекте Геннадийдің мерейі үстем болды деп есептейді. Менің ойымша, екеуінің арасындағы екі кездесуден кейін есеп 1:1. Сондықтан мен үшін үшінші айқас қызық болып тұр. Жанкүйерлер де трилогияны тағатсыздана күтіп жүр", - дейді Лэмпли 

Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары