$ 494.87  520.65  4.91

«Тұрғымбаев Мәсімовтің қылмыстық ісі бойынша айыпталушы емес» – Бас прокуратура

Тұрғымбаевтан куәгер ретінде жауап алынған.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Шындалиев атағандай, Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі бойынша айыпталушы емес.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға қатыстылығы әлі анықталған жоқ. Юрисдикция әлі анықталған жоқ, қазір біз іс материалдарымен танысып жатырмыз. Тұрғымбаевқа қатысты ешқандай іс жоқ, - деді Шындалиев. 

Тұрғымбаевтан куәгер ретінде жауап алынған. Оның процессуалдық мәртебесі жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары