Жаңалықтар 09.09.2022 сағат 12:40

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланады

Қазіргі уақытта таулы жер болғандықтан және метеожағдайға байланысты өртті сөндіру күрделене түскен.
Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи өртке байланысты Катонқарағай мен Алтай аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Аталған аймақтардың әкімдігі қабылдаған тиісті шешім «Ашық» НҚА сайтына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табиғи және техногендік сипаттағы қауіптің туындауына байланысты дала және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ Катонқарағай ауданындағы елді мекендерді өрт шалмас үшін төтенше жағдай жариялансын», - делінген Катонқарағай ауданы әкімдігінің ұсынған шешім құжатында.

Сонымен қатар, 2 қыркүйекте Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің аумағында тұтанған өрт салдарынан аталған аумақта да төтенше жағдай енгізілмек.

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің аумағында «Зырян орман шаруашылығы» КММ, Быково орманшылығы 92, 93, 94, 90 кварталдарында шөп, бұта және ағаштар жанып жатыр. Қазіргі уақытта таулы жер болғандықтан және метеожағдайға байланысты өртті сөндіру күрделене түскен. Өрт шарпыған аумақтың көлемі - 800 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге 29 техника жұмылдырылды. Алдын ала есеп бойынша орман шаруашылығына келген шығын сомасы - 68 738 161 теңге», - деп көрсетілген Алтай ауданы әкімдігінің шешімінде.

Қос аудан бойынша төтенше жағдай жариялау туралы шешім бүгін күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар