Әулиекөл ауданындағы ірі табиғи өрт толықтай сөндірілді.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Әулиекөл ауданының Басаман және Семиозер орман шаруашылығында ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген. Өрт аумағы - 43 мың гектар. Екі елдімекендегі 91 тұрғын үй жанып кетті.
Эвакуацияланғандар үйлеріне оралды, қалғандары туыстарында қалды. 12 адам өрт кезінде жеңіл және орташа жарақат алған. Зардап шеккен 3 адам Әулиекөл аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жедел желіге 38 қоңырау түсіп, 87 азаматқа психологиялық көмек көрсетілген.
Қостанай облысында орман өрті кезінде 8 адам жоғалған. Оның біреуі әлі табылған жоқ. Әулиекөл ауданының 73 жастағы тұрғыны полиция бөліміне келіп, 56 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Ер адам 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылындағы эвакуациялау кезінен жоқ. Қазір оны іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.