$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдағы өрттен соң орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды

Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы мәлімдеді.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты тергеу амалдары аясында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы мәлімдеді. 

"Қостанай облысының прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады", - делінген хабарламада.

Сол күні мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

"Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомстводан.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары