Жақында Стамбұлда ұлының тойын өткізген айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отбасымен бірге кіші қажылыққа атанды, деп хабарлайлы Экспресс К.
Алайда айтыскердің желіде жариялаған видеосы көпшіліктің сынына қалды.
Мекке қаласынан тікелей эфирге шығамыз. Сол кезде проблемаларыңызды жазып отырыңыздар. Барлығыңызға уәде бере алмаймын. Дегенмен мүмкіндігімізше, сіздер үшін дұға етемін, - деген 15 секундтық видеода Тұрсынбаева.
Алайда оның осы сөзі көпшілікке ұнамай қалды.
"Алланың секретаршысы сияқты айтты ғой", "Мұны да бизнеске айналдырып жіберді ме?", "Сендер секілді сатқындарға дұға тілетпейміз", "Түркияны тындырып, енді Меккеге шықты ма?", "Мынауын енді халықты алдау", "Проблеманы шешетіндей кім едің?", - деген сарындағы пікірлер көп жазылған.