$ 445.66  474.58  4.78

Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады

Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.

Комитет төрағасы өз кезегінде Д.Баландин дайындаған жас спортшылардан әлі талай чемпиондардың шығатынына сенетінін жеткізді.

Барлық спортшылар өзің секілді Олимпиада шыңын бағындырғаннан кейін, спорттан алыстамай, сол саланың дамуына үлес қосуы керек. Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдауға дайынбыз, - деді комитет төрағасы өз сөзінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары