$ 447.4  477.55  4.76

Дүйсенбіде Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарын аптап ыстық күтіп тұр

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, республиканың солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қостанай облысында күн күркіреп, түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркірейді.

Павлодарда түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аптап ыстық көтеріледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік шығыс, батыс және солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде аса қауіпті өрт жағдайы сақталады.

Елордамыз Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27-29 градус жылылықты көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары