$ 494.87  520.65  4.91

«Адам көп, жемқор да көп»: Жамаубаев Қаржы министрлігінде неліктен жемқорлық ең көп тіркелетінін түсіндірді

Қаржы министрлігіндегі адамдар мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қамтиды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің неге жиі пара алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Биылғы 8 айда Қаржы министрлігінде қызмет істейтін 33 адам жемқорлық дерегі бойынша ұсталған. Бұл министрліктер ішіндегі антирекорд. Осыған байланысты министрдің өзі түсініктеме берді.

"Тиісті ескертулер жасалды, тапсырмалар берілді. Бұл статистика ешкімге абырой әкелмейді. Бірақ осы тұста айта кетейін, біздің министрлік әкімшілік қызметтегі ең үлкен министрлік. Яғни құқық қорғау органдарын есептемегенде, Қаржы министрлігіндегі адамдар мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қамтиды. Сондықтан адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз", — деп түсіндірді министр.

Біз бұған дейін еліміздегі ең жемқор министрліктердің тізімін жариялаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары