$ 444.22  476.38  4.82

Нұртөре Жүсіп Назарбаев туралы ойы «сол күйінде қалатынын» айтты

Сенатор Тұңғыш президентті «Бір кезде Абылай хан бабамыз үш жүздің басын қоса алмай кетіп еді, сіз жүздеген ұлт пен ұлыстың басын қосып, Қазақстан деген мемлекеттің құрылысшылары қатарын көбейттіңіз» деп мақтаған болатын.
Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистер сенатор Нұртөре Жүсіптен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы не ойлайтынын сұрады. Осыдан бірнеше жыл бұрын сенатор Тұңғыш президентті «Бір кезде Абылай хан бабамыз үш жүздің басын қоса алмай кетіп еді, сіз жүздеген ұлт пен ұлыстың басын қосып, Қазақстан деген мемлекеттің құрылысшылары қатарын көбейттіңіз» деп мақтаған болатын.

Сенаттың бүгінгі отырысында кейбір заңнамалық актілерге кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралған. Ол құжат шеңберінде сенаторлар Тұңғыш президент күнін мереке санатынан алып тастауды қолдап дауыс берді. Заң жобасы қаралғаннан кейін журналистердің алдына сенатор Нұртөре Жүсіп шықты. Журналистер депутаттан «бір кездері Назарбаевты үш жүздің басын қостыңыз» деп мақтап едіңіз. Содан бері не өзгерді?» деп сұрады.

«1 желтоқсан мемлекеттік мерекелер санатынан алынып тасталады. Ол қоғамдық тұрғыда да, әлеуметтік желілерде де талқыланды. Сондықтан, факт факт! Менің жеке ойым осы оймен үндеседі. Мемлекетіміздің, республиканың дамуына жасаған еңбегі қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да берген бағасымен анықталады. Сондықтан ел-жұрт Тұңғыш президенттің Қазақстанның дамуына қалай үлес қосқанын айқындайды. Оның бәрін жақсы білесіз. Сондықтан, сұрағыңыздың төркіні басқаша сипат алып тұрған сияқты», - деді сенатор.

Журналист неліктен басқаша сипат деп сұрады. Журналист «заманға байланысты ойыңыз өзгерді ме?» деген сұраққа сенатор «ештеңе де өзгерген жоқ» деп жауап берді.

«Жеке ойым да сол күйінде қалады. Өз пікірім өзімдікі. Өз сөзім өзімдікі», - деді ол.

ulysmedia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары