$ 494.87  520.65  4.91

«Елінен қашқандар»: Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды

Челябинск пен Қостанай қаласы шекарасындағы Бугристое бекетінде жүк көліктерінің кептелісі екі күн бұрын басталған.

21 қыркүйек күні Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялаған соң, ресейліктер жаппай көрші елдерге қашып жатыр. Олардың қатарында Қазақстанға келушілер де көп. Мәселен, екі ел шекарасында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

22 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ұзын-сонар көлік кептелісі туралы ақпараттар жиі жариялана бастады. 

Атап айтар болсақ, белгілі блогер Кирилл Ермаков Челябинск қаласындағы шекара бекеті арқылы Қазақстанға қалай өткенін баяндады. Оның айтуынша, алдында 60 адам кезекте тұрған және бәрі де Қазақстан аумағына өтіп кеткен. 

Айта кетелік, ресейліктер туристік және қызметтік мақсатпен Қазақстан аумағына визасыз еркін өте алады. 

Ал бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейден ағылған жұртқа ешқандай тосқауыл қоя алмайтынын айтқан болатын. 

Бір қызығы, Челябинск пен Қостанай қаласы шекарасындағы Бугристое бекетінде жүк көліктерінің кептелісі екі күн бұрын басталған. Енді олардың қатарына Ресейден қашқан жеңіл көлік иелері де қосылуда. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары