$ 446.49  475.38  4.79

«Ақылы шәй...». Келіннің кесесіне ақша салу дәстүрі жұрт талқысына түсті

Видеода жас келіннің дастарханды жағалай сәлем салғанын байқайсыз.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Интернетте иіліп сәлем салып, дастарханнан ақша салынған шәй кесесін жинаған келіннің әрекеті жұрт назарына түсті. Тіпті мұндай дәстүр қазақта жоқтығын айтып, сынап жатқандар да бар, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода жас келіннің дастарханды жағалай сәлем салғанын байқайсыз. Оған қонақтар қолындағы босаған шәй кесесін беруде. Ал оның ішіне ақша салынған.

Бұл қандай салт? Сіздерде бар ма?, - деп жазылған бейнежазбаға.

Аталған жағдайға байланысты жазылған пікір көп. Басым бөлігі мұндай салттың жоқтығын айтса, енді өзгелері "ақылы шәй" болды деп мазаққа айналдыруда.

"Жаңа түскен келінге бата беріп, шәйін ішеді. Мұндай қазақта болмаған", "Әр салтты табысқа айналдырып алған, әйтеуір", "Келін шәй ғой", "Дұрыс иіліп жатқан жоқ, қолды айқастырып сәлем салмау керек", "Ақылы шәй дейсің ғой", - деп жазған желідегі жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары