$ 494.87  520.65  4.91

Армения елімізде өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ереван Қазақстанда 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Армения Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Әзербайжан тарапынан көрсетілген агрессия нәтижесінде армян-әзербайжан шекарасында туындаған жағдайға байланысты Қорғаныс Министрлігі Армения Республикасының Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттерін  негізге ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомствода.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары