$ 495.2  522.34  4.94

Жетісу тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, нәтижесінде әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмды.

Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелді.

26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақ күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған.

Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, нәтижесінде әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамаққа алды.

Осыған ұқсас дерек бір күн бұрын көршілес Ескелді ауданында орын алды, онда Қарабұлақ ауылындағы жеке үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленушінің 45 жастағы жұбайының ұрып-соғуынан қайтыс болғаны анықталды. Өз айғақтарында ер адам әйелінің ішімдік іше бастағанын және үйге қарауды қойғанын мәлімдеді. Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, ол әйелді ұрып-соғуға ұласқан. Оған қатысты тергеу жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері 563 отбасылық жанжалқорларды анықтап, жазалады, олардың 97-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талдықорған қаласының оңалту орталығында ерлі-зайыптылардың әрекеттерінен зардап шеккен 15 әйелмен 34 балаға көмек көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары