$ 449.58  486.94  4.86

ҰҚК Қазақ-Ресей шекарасы жабылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пункттері жабылды деген ақпарат тараған болатын.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекараның жабылуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат таралып жатыр. Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылып жатыр.

"Ресейлік тараптан өткізу пункттерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары