$ 448.89  477.93  4.76

App Store-дан ресейлік танымал қосымшалар өшірілді

Енді App Store мобильді дүкенінде "ВКонтакте" және Mail.ru жоқ.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүйсенбіде VK қосымшалары, соның ішінде VK Play, "VK музыкасы", "VK клиптері" және "VK мессенджері", VK Play және "VK Admin", сондай-ақ, "Mail.ru поштасы"және "Mail.ru облако" App Store-дан табылмады.

"VK Apple компанияның бірнеше қосымшасын бұғаттағанын растайды, қазіргі уақытта олар App Store дүкенінде қолжетімсіз. Пайдаланушылардың смартфонына орнатылған VK қызметтері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары