$ 494.87  520.65  4.91

«Интимдік видеоңды таратамыз»: Астанада әйелдерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

Сөзінше, ер адамдар қорқытып, интимдік жазбаларды жариялайтынын айтқан. Сонымен қатар күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Астанада ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компанияның атқарушы директоры әйелден 40 млн теңге бопсалаған. Олар қаржыны бермеген жағдайда интимдік жазбаларды жариялаумен қорқытқан, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.

Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны өзінен ақша бопсалағанын айтып, шағымданған. Сөзінше, ер адамдар қорқытып, интимдік жазбаларды жариялайтынын айтқан. Сонымен қатар күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Қалалық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ақшаны беру барысында ұстады. Олардан 2 млн теңге көлемінде қаржы тәркіленді.

Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары