$ 494.87  520.65  4.91

Девальвация туралы тексерілмеген мәлімет таратқандар жауапқа тартылмақ

ҚР Бас прокуратурасы девальвация туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

ҚР Бас прокуратурасы негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеді.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері әр түрлі байланыс құралдары (БАҚ, әлеуметтік желілерді, СМС-ті қоса алғандағы интернет-хабарлар) арқылы жақында ұлттық валютаның құнсыздану мүмкіндігі туралы ресми расталмаған ақпарат таратыла бастады.

Аталған хабарлар халық арасында айтарлықтай шу шығарып, ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздану қаупін туғызып отыр.

ҚР Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 сәуірде еліміздің Қылмыстық кодексіне көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік белгілейтін норма (242-1-бап) енгізілгенін еске салады.

«Осыған байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеміз. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінен қарастырылып отырған мәселені хабарлау кезінде тексерілген фактілер мен мәліметтерге ғана сүйенулерін және шындыққа жанаспайтын ақпараттың жариялануына жол бермеулерін сұраймыз», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары