$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында «Қазфосфаттың» тағы бір қызметкері көз жұмды

Түрлі жарақат алған тағы үш қызметкер ауруханаға жеткізілді.

Қыркүйектің 13-і күні "Қазфосфат кәсіпорнының ғимаратында шатыр опырылып, 58 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрлі жарақат алған тағы үш қызметкер ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға кезінде олар ғимарат ішінде жұмыс істеп жатқан.

Оқиға туралы хабар Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне түскен.

Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі – «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Инспекция тексеріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары